Главная \ Новости \ Нариман Муқышев СДУ қауымдастығымен кездесті

Нариман Муқышев СДУ қауымдастығымен кездесті

« Назад

Нариман Муқышев СДУ қауымдастығымен кездесті 29.09.2019 11:46

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Муқышев  өзі оқыған білім ордасы Сулейман Демирел университетінің қауымдастығымен кездесті. Альма матер қабырғасында мемлекеттік қызметкер оқу орнының студенттерімен тілдесіп, өз табыс кілтімен  бөлісіп, жастардың өзекті сұрақтарына кеңінен жауап берді. Айта кеткен жөн, бұл кездесу -  СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен Жастар жылыныңаясында өткен  ашық дәрістер топтамасының шеңберіндеұйымдастырылып отыр.

Кездесу барысында Нариман Мұқышев жастармен мансап құру және алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру жөніндегі іскер кеңестерімен шын жүректен бөлісті, сондай-ақ өзі қалаған өмірлік ұстанымдары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар спикер тыңдаушыларға қызметтік міндеттері мен мемлекеттік деңгейдегі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы баяндады. Әсіресе, тыңдаушыларға жақын арада цифрландыру аясында қандай мамандықтар өзекті, ал қандай мамандар сұраныстан тыс қалатындығы туралы мәлімет қызықты болды. СДУ студенттері өз кезегінде мемлекеттік қызметкерлерге әртүрлі сұрақтар қойды. Жастарға оның табыс құпиясынан бастап, жеңіліс және сәтсіздік тәжірибелеріне  дейін  барлық оқиғалары қызықты болды.

- Шынымды айтсам, табысқа қол жеткізуде  бірыңғай қағида жоқ, әр адамның көзқарасы өзінше бірегей. Белгілі бір табысқа жеткен көптеген адамдар өмірде белгілі бір жағдайдан өтпеуі мүмкін. Қазір табыс кілті емес, сәтсіздіктің және жеңілістің шынайы оқиғалары  қызықты. Бұл өте маңызды, себебі өмірде он рет бір нәрсеге қол жеткізе алмаған адамдарданүйренетін көп нәрсе бар. Себебі олар көптеген қиындықтарды басынан өткерген,  - деген пікірде вице-министр.

Спикер тыңдармандарын ыстық ықыласымен қуаттап,  жеке стартап жобалардың құрылу тарихы мен сәтсіз тәжірибелері туралы әңгімеледі. Алайда, басынан өткен бірқатар сәтсіздіктер оның жаңа жеңістеріне серпін берген.

-Ғарыштуралыармандамаған адам, аспанғаұшпайды. Егерөмірдеүлкенжәнеөршілмақсатболса, онда оны өзалдыңа қоюғақорықпаукерек,оғанұмтылукерек. Тек сонда ғана оған міндетті түрде қолжеткізесіз. Мұның өзіндікбірегейсиқыры бар, - депатапөтті вице-министр.

Бүгінгі таңда вице-министр халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша кең ауқымды мәселелер үшін жауап береді. Оның құзыретінде халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық сауатын ашу бойынша бірінші кезектегі міндеттер, ҮЕҰ-мен жұмыс атқару, ел азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету, борыштық жүктемені төмендету сияқты  көптеген өзекті мәселелер кіреді.Бұдан басқа, ол әлеуметтік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында халықпен үнемі кездесулер өткізіп тұрады, сондай-ақ әлеуметтік салада белсенді форматта цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етеді. Өзінің тығыз жұмыс тәртібіне қарамастан, ол жастарды жетістікке ынталандыру мақсатында өзі білім алған университетіне ат басын тіреді. Нариман Мұқышев университет қызметін жоғары бағалап, барша СДУ қауымына толағай табыстар  тіледі.